Түркістан
EN

Ресей мен Қазақстан шекарасында ұзын сонар кептеліс пайда болды

193
23.09.2022

Ресей мен Қазақстан арасындағы шекарада ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Оның видеосы әлеуметтік желіге кең тарады. Бейнежазбадан Ресейдің Челябі облысындағы "Бугристое" және Қазақстанның Қостанай облысындағы "Қайрақ" бақылау-өткізу бекеттерінде қаңтарылып тұрған жүк көліктері тізбегінің бірнеше шақырымға созылғанын көруге болады. авторының айтуынша, жүк көліктерінің мұндай кептелісі 2022 жылдың наурыз айынан бері үнемі болып тұрады екен. Себебі ресейліктер Қазақстанның шекаралас қалаларынан жаппай тауар сатып алып кететін көрінеді. Ал бүгін, куәгерлердің мәлімдеуінше, Ресейде жартылай мобилизациялау жарияланған соң жүк тасығыш машиналар қатарына көптеген жеңіл көлік қосылған. Ресей азаматтарының біздің елге үдере көшуіне байланысты ҚР Параменті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.