Түркістандық полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша мен оқ-дәрі сақтаған тұрғынды ұстады. Күдіктіні Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында анықтаған. Кезекті көше бойын патрульдеу барысында полицейлердің назарына күмәнді ВАЗ автокөлігі ілінген. Тексеру кезінде көліктен травматикалық тапаншаға ұқсас екі қару мен оқ-дәрілер табылыпты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруларды тәркілеп алып, басқармаға жеткізді. Қаруға қатысты сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабымен тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.