Кентауда 8 адам тамақтан уланды. Олардың барлығы фас-фудпен айналысатын бір дәмханадан суши, пицца , тауық етінен лаваш, чикен жеп, ұшынған. Қазірде науқастар орталық ауруханаға жеткізілді. Науқастардың барлығына ішек инфекциясы диагнозы қойылған.Тексеру нәтижесінде мерзімі өтіп кеткен ірімшік және шұжық өнімдері табылды. Одан бөлек бірнеше кемшілік анықталған. Мәселен, аталған қоғамдық тамақтану орнының жұмысқа рұқсат қағазы болмапты. Жеке кәсіпкерге 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, рұқсатсыз жұмыс істегені үшін хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.