Түркістан облысының Ордабасы ауданының шаруалары өзге аймақтардан қалыспай мақта терімін қарқынды жүргізіп жатыр. Сондай дихандардың бірінің тыныс тіршілігімен арнамыздың түсірілім тобы да танысып қайтты. толығырақ алдағы бейне материалда.
Төрткүл ауылдық округінің іргесінде орналасқан шаруа қожалығы бүгінде қанатын кеңге жайған. Себебі, мақтаны егуден бастап, өңдеуді әрі сатуды да бақылайды. Жұмыстың жүйелі жүруі үшін Төрткүлдегі зауыттың бірін жабдықтаған. Құрамында 2 компания бар. Үкіметтен берілген субсидияны да тиімді пайдаланып, жыл сайын техникасын жаңартып отырады екен. Тіпті, ескірген құрал-жабдықтарын кәдеге жаратып, өзге шаруаларға беретіндерін айтады. Ал, мақтаның сапасы ешкімнен қалыспайды деп сеніммен айтты шаруа қожалық меңгерушісі.
НҰРМАН ӘБІЛҚАСЫМ - ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ - Бұл енді Түркиядан келген ұрық қой турецкий. Эдесса деген ұрық. Бұл жақта егілген ұрықтың бәрі сол жерден әкелінген. Арнайы дайындалған ұрық қой. Соның есебінен жақсы өнім алып жатырмыз. Эдесса, Карло, сондай ұрықтар. Бұны енді өзіміздің Нұр-Агро жеке заводымыз бар. Сол жерде өңделіп, волокно болып реттеледі. Ұрығын бөлек. Ұрықты да кейін өзіміз дайындаймыз. Көбінесе, Чехияға экспорттаймыз. Басқа да елді-мекендер тапсырыс берсе, кете береді ғой.
Жергілікті әкімдік өкілдері қолдан келген қолдауын көрсетіп жатыр екен. Сумен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешілген. Өздеріне берілген жерді игерсе болды, одан басқа ештеңе сұрамаймыз, керісінше, барынша көмектесеміз дейді әкімдік өкілдері.
НҰРЛАН ҚҰДИЯРОВ - ТӨРТКҮЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Төрткүл ауылдық округіне қарасты бізде суармалы 10 684 гектар жер бар. Соның 4385 гектарына мақта дақылы егілген. Қазіргі таңда өнімді жинау жұмысы жүріп жатыр. Алғашқы еккен егістіктері уже өнім беріп жатыр. Осынша түсімі 25-30 центнерден айналып жатыр. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Былтыр дәл осы шаруа қожалығы ерте көктемнен суық түскенге дейін 3 рет өнім алып үлгерген екен. Биыл да сол жетістікті қайталайтынына сенімді. Дегенмен, қазіргі мақта бағасына қатысты ахуалды бақылап барып, әрекет етеміз дейді шаруа.