«Кемеңгер, дана көшбасшы». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығына арналған кітап осылай аталады. Авторы тұңғыш президенттің сыныптасы - Роза Төлемісова. 160 беттен тұратын бұл туында «Жебе» баспасынан мың данамен шықты. Туындыда Нұрсұлтан Әбішұлының ұстанған жолы мен саяси бағдары, жасампаздық пен жаңашыл тұлғасы жан-жақты сипатталған. Сыныптастары жастық шағы жөнінде естелікпен бөліссе, қоғам қайраткерлері мен әкімдер Елбасының пікірлері топтастарылған. Сондай-ақ, жинаққа құнды суреттер енген. Елбасының сыныптасы болғанын мақтан ететін кітап авторы шығарма арқылы ұлт көшбасшысына қолдау көрсеткіміз келді - дейді. Рая Төлемісова бала Нұрсұлтанның білімге деген құштарлығын ешқашан естен шығарған емес.