Жатын бөлмеден ақша жымқырған алаяқ ұсталды. Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу ағаш терезесін бұзып кірген. Одан соң ұры жатын бөлмедегі сөмкеден 260 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолды қылған. Сондай ақ, тиын жинағышты да өзімен ала кеткен. Арада 20 күн өткен соң тағы бір тұрғын полицияға дәл осындай ұрлықтың құрбаны болғаны жөнінде хабарласқан. Екінші пәтерден 200 мың теңге мен тиын жинағышын жымқырып кеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктінің түр әлпеті анықталып, тұрғылықты мекен-жайы белгілі болды. Жас жігіттен айғақты зат ретінде қораға жасырынған ақша тәркіленді.