Түркістан
EN

Ордабасыда азан шақырушылар сайысы өтті

145
21.09.2022

Түркістан облысының Ордабасы ауданында жергілікті мешіт шәкірттері арасында Азан шақырудан жарыс өтті. Діни бәсекенің мақсаты қандай  және жүлдегерлер сый алды? Толығырақ тілші бейне-материалында.

Ордабасы Ауданындағы барлық мешіт шәкірттері Азан шақырып жарысты. Бәсекенің маңызы айқын. Осындай формат арқылы мешіт жамағатын көбейту, олардың жүрегіне иман нұрын ұялату. Сондықтан болар, түрлі сайыстардан өзгеше. Жамағат бір бірінен білмегенін үйреніп, білгенін үйретті. Әсіресе, бұндай жарысқа алғаш қатысып, діни сауатын шыңдап жатқан өрендер үшін пайдалы болары анық дейді облыстың бас имамы. 

Дегенмен қарпінен қате жібермей, мақамын әуезді жеткізгендер үздік деп танылып, қаржылай сыйға кенелді. Оның үстіне оларға Азан тарихы туралы сұрақтар қойылды. Нәтижесінде Бадамдық Дәурен Айтуов үздік деп танылды.

Облыс бас имамының айтуынша, өзге аудандарда да бұндай жарыстар өткізіледі. Одан кейін көптен күткен облыстық сайыс та туын желбіретпек. Әзірше, имамдар қатысушыларға ақыл-кеңестерін айтты.