Бүгін Түркістанда «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы өтті. 2015 жылдан бері өтіп келе жатқан оқушылар додасы бұл жолы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылыпған.Өңірдің түкпір түкпірінен келген түрлі ұлт өкілдері бақ сынасты.
Сайысқа «ұлты басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір» жас буын жиналған .олар алаш ардақтыларының туындыларын ерекше толқыныспен орындап, қазылар алқасы мен көрерменің көңілінен шықты.онымен қоймай, арнайы бір уақытта өлең жазып суырып салмалық қырларын да көрсете білді. Сонан соң көпшілігі ірі ағартушының өлеңдерін оқыды. Бірі әуелетіп ән салса, енді бірі түрлі аспаптарда өнер көрсетті.
Бақ сынасқандардың бірі Алина Миркамалова Мақтаарал ауданының тумасы. Ол өзге ұлт өкілі болса да қазақ халқының күмбірлеген күйін нақышына келтіріп орындады. Бойжеткеннің бұл өнерге деген қызығушылығы кішкентай кезінен басталған. Оның ендігі арманы республикалық сайыстарда бақ сынап, өңірдің атын шығару екен.
Жалпы жобаға 18 оқушы іріктелініп алынып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті. Анықталған 3 жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алып, турлы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.