Отырарлық полицейлер тұрғындардың шағымы бойынша жүргізушілерге ескерту жасады. Өз арыздарында жергілікті халық жол тастарын тасымалдаушы ауыр жүк көлігінің жүргізушілері елді мекен ішінде жылдамдықты шамадан тыс асыратынын айтқан. Тексеру нәтижесінде көлікті мас халде басқарған Хова маркалы жүк көлігінің 2 жүргізушісі анықталды. Аталған азаматтарға қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы хаттама түзіліп, сотқа жолдады. Соттың шешіміне байланысты көлік жүргізушілері 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жол салып жатқан фирмалардың басшылары мен жүргізушілерге жылдамдықты асырмау керектігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.