Түркістан
EN

Түркістан облысы кредит ең көп алатын өңір

188
20.09.2022

304 миллард теңге. Бұл тек түркістандық тұрғындардың басындағы несие соммасы. Ал бұл сандар республика бойынша бірнеше триллиондарды құрайды екен.Көпшілігі ақша алар кезде пайызын пайымдай бермейтін көрінеді. Адамдар неліктен қарыздың қақпанына ілінуде?Бұдан шығудың жолы қандай? Тілші тарқатсын

Қазір қоғамда несиесі жоқ адамды сирек кездестіреміз.Тіпті, қарызға белшесінен батып, несиесін өтей алмай жүрген тұрғындардың қарасы көп. Өкініштісі мұндай азаматтардың қатары жыл санап артып келеді. Несиесін несиемен жабатындар да аз емес. Ұлттық банктің статистикасы бойынша қарыз алудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұған не себеп? Шайлыққа жетпейтін айлық па, есепсіз жасалатын тойшылдық па? 

Қарызды ең көп алатын өңірлерді сарапшылар анықтап, әрбір облыс бойынша кредиттердің депозиттерге қатынасын есептеп шыққан. Нәтижесінде 3 топқа қарастырыпты. Алғашқысы- қызыл аймақтағылар. Оңтүстіктің бәрі осы санатта. Бұл жергілікті халықтың тапқанынан жарататыны көп екендігін, яғни қарызға өмір сүретінін көрсетеді. Мәселен,біздің Түркістандық тұрғындардың несиесі 304 млрд теңге болса, жинаған депозиттері 116 млрд теңге. Яғни несиелер саны депозиттерінен 3 есе артық.

Екінші санат – сарылар. Олар нейтрал,таза айлықтарына өмір сүреді. Соңғысы – жасылдар,депозитте ақша жинайтындар. Бұл тізімде Астана, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қостанай, Петропавл бар. Мамандар оңтүстіктің бұл белсенділігін тұрғындардың мінез құлқы мен мәдениетіне де байланысты дейді.

Сонымен, айлығымыздың шайлығымызға жетпей жүргені түрлі себептерге байланысты болып шықты. Оңтүстікте әдет-ғұрып жақсы сақталғын. Жиын-той көп. Күн көріс деңгейі төмен. Ал,.азық-түлік басқа қалалармен салыстырғанда едәуір қымбат. Осылайша біздің халық қосымша ақша жинау былай тұрсын, айдан айға жету үшін несиеге күн көріп жүр. Мұндай жағдай болмас үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды дейді сарапшы.