Түркістан
EN

Облыс әкімі сенбілікке қатысты

193
20.09.2022

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды екі жеңін түріп, қолына күрек алып ағаш екті. Осылайша, аймақ басшысы демалыс күні демей жұртпен бірге сенбілікке қатысып, рухани қаланың жасыл желекке айналуына  үлес қосты. «Дүниежүзілік тазалық күніне» орай ұйымдастырылған жалпыхалықтық жиын өңірдің өзге де аудан қаласы мен елді мекендерінде қолдау тапты. Оған 30 мыңға жуық адам қатысты. 

Түркістандық Ядгора Шарапова қала тазалығына бей жай қарай алмайтынын айтады. Сондықтан қолына құрал сайманын алып, Жібек жолы паркіне келіпті. Мұнда гүл отырғызып, түптерін қопсытуда. Осылайша титтей де болса шаһардың шырайын арттыруға үлесімді қоссам дейді ол.  

Жібек жолы саябағының аумағы 32 гектар. Негізінен оны күтіп ұстаумен арнайы компания айналысады. Олар күніне 5-6 рет қоқыс қалдықтарын шығарады екен. Ал, бүгінгі сенбілікке 30-ға жуық техника, 100-ден астам адам үлес қосты. Жиналғандар гүл көшеттерін отырғызып, көгалды ретке келтірді. Сондай-ақ, мүсіншелер түрленіп, жаңа кейіпке енді. 

Қарапайым жұртпен бірге Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да облыс орталығын көгалдандыруға атсалысты. Қаламын күрекке ауыстырған аймақ басшысы сенбілік бір реттік науқан емес жүйелі түрде өтетін жиынға айналуы керек екенін айтып, «Жібек жолы» саябағына ағаш екті. 

Облыс аумағында ұйымдастырылған шарада мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілер белсенділік танытты. Жалпы 30 мыңға жуық адам туған жердің тазалығына үлес қосты. Саябақтар мен гүлзарларға екі жүзге жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызды.

ИСРАЙЫЛ ИСМАЙЫЛОВ – ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «халықпен бірге әкіммін деп жұмыс істеген жақсы әр адамға да үлгі болады ол. »

Сенбіліктің мақсаты – жұртшылықты экологиялық сауаттылыққа баулу. Қала тазалығына атсалысып жүрген жандар табиғат жанашырларына алғысын айтты. Оларды болашақта бағып-күтумен арнайы мекеме айналысады.