Қазығұрт ауданында тұңғыш рет қол күрестен облыстық жарыс өтті. Байрақты бәсекеге Сарыағаш, Келес, Мақтаарал аудандарымен қатар Отырар және жергілікті спортшылар қатысты. Мұндағы негізгі мақсат жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сондай ақ, спорт саласы арқылы салауатты өмірге баулу.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайысқа 100-ден астам спортшы келген. Олардың қатарында 2005-2007 жылдар аралығындағы жасөспірімдер мен ересектер бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде мұндай спорттық бәсекені жиі өткізу керек. Осы арқылы жастарды салауатты өмірге баули аламыз дейді.
АБАЙ СЕРКЕБАЕВ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Соңғы жылдары адамдардың өміріндегі спорттың рөлі мен орны анық екеніңн байқап келеміз. Бүгінде спорт дегеніміз бір ғана спорт үшін немесе команданың абыройы емес. бүкілбір елдің, тұта ұлттың, мемлекеттің беделі болып табылады.
Кіл мықтылар бақ сынасқан бәсекеге қатысушылардың бірі қазығұрттық Тұрсынбек Бақтияр. Жас спортшы облыс, аудан аралық жарыстарда топ жарып жүр. Бұл жолы да жеңісті қолдан бермей ауданның намысын қорғасам дейді.
ТҰРСЫНБЕК БАҚТИЯР – СПОРТШЫ - Облыстық жарыстарда 1-2 орындарым бар. Аудандық жарыстарда бірінші орындарым бар. Біздің залымыздың ашылғанына 3 ай болды жазда ашылды. Құдай қаласа осы нояб.де Түркістан облысына дайындаламыз.
Өңірлік жарыста әр салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Мәселен, 70 келіден жоғары салмақта Мырзабек Қанат, 60 келіде Тұрсынбек Бақтияр суырылып алға шықты. Одан өзге, Нами Ринат пен Жақия Нұрғали да таңдаулылар қатарына ілікті.