Шардарада иесінің ұсақ малын 23 миллион теңгеге сатып жіберген қойшы анықталды. Аталған жағдай туралы жергілікті тұрғын аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Айтуынша, ол жалдамалы жұмыскеріне 400-ден аса қойын сеніп тапсырған. Алайда, мал басын түгендеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқаған.Белгілі болғандай, күдікті ер адам 2021 жылдың тамыз айынан бері ұсақ малдарды біртіндеп сатып, өз пайдасына жаратып отырған.