Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша қызыл жалын лезде жайылған. Кесірінен 1 қабатты баспананың сау тамтығы қалмапты. Қасқайып тұрған тек қабырғалары ғана. Төтенше жағдай орын алған сәтте үйде отбасының үш мүшесі болған. Олардың бірі орта жастағы әйел болса, қалған екеуі кәмелетке толмаған балалар екен. Абырой болғанда барлығы да дін аман. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері 12 минутта жетіп, 1 сағатқа жуық уақытта қызыл жалынды ауыздықтаған.
АҚСҰҢҚАР АБУЛСАЙТ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ: «Қазіргі таңда құрлысты ашып бұзу жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі қазіргі таңда белгісіз анықталып жатыр. Тұрғын үйдің жалпы шаршы көлемі 30-25 оны 25-15 шатыры толық жанған. Зардап шеккендер, күйік алғандар ешкім жоқ. Көрші үйлерге қауіп төнуі мүмкін емес. Жаспарлана түскен үйлер жоқ ондай.»
Биыл 8 айда облыста 289 өрт оқиғасы тіркелген. Оқыс оқиға ошақтарынан 105 адам эвакуацияланып, 2 адам құтқарылды. Сондай-ақ 5 адам жарақат алып, 6 адам қайтыс болды. Өрттен 1 млрд теңге материалдық шығын жеткен.
АСАНҒАЛИ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- электр сымдарын тексеру, ескірген және уақытша схема бойынша салынған электр сымдарын ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, жылыту үшін қолдан жасалған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау;
- аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мүмкіндігінше терезе ашу шектегіштерін орнатуды сұранамын.