Бүгін дүниежүзілік тазалық күні. Атаулы датада Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметкерлер қала тұрғындары ұлттық парк аумағын қоқыстан тазартты. Акцияға Түркістан телеарнасының тілшісі де үлесін қосып қайтты.
НҰРДӘУЛЕТ СЫЗДЫҚ – ТІЛШІ: «Дүниежүзілік тазалық әлем үшін маңызды мереке. Бұл датада ғаламшар тұрғындары табиғатқа оң көз-қараспен қарап айналасындағы аумақтарды күл қоқыстан тазартады. Мен қазір Түркістан- Сырдария табиғи паркіндемін. Бүгінгі біздің мақсат осы өңірді толықтай тазалап шығу. Ендеше, іске сәт.»
«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында табиғат жанашырлары Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға 130 дан астам табиғат жанашыры жұмылдырылған. Бағдарлама белсенділері өткізілген акцияның маңызы ерекше дейді.
ДАНИЯР СЕЙІТОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Облысымыздың аумағынан өтетін Сырдария өзенінің БІЗДІҢ ОБлыстағы ең бір экологиялық тепе теңдікті сақтайтын өзен болып саналады. Соның айналасында жан-жануарлармен өсімдіктер әлемін тепе теңдігін сақтау тазалығын қамтамасыз ету мақсатында осы жерде белгіленген Сырдария мемлекеттің өңірлік паркі бар. Сол Дарияның екі шетінің барлығы тоғайлы ормандар. Бұл табиғи аумақ болып есептелінеді. осы аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.»
Акцияға үлесін қосуға келгендердің бірі Нұрлан Ақылбеков. Ол өмірінің 40 жылын заң саласына арнаған азамат. 5 ұлынан 9 немере сүйген жан қоршаған ортаға лайықты құрмет көрсетуді жас жеткіншектің бойына сіңіріп жүргенін айтады.
НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ - СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЗАҢГЕРІ: «Табиғатты аялау акциясын ұйымдастырған азаматтарға рақмет бізді , адам баласын жаратқан осы табиғат мына жер анамыз. Біз осы жер анамызды балалары ретінде таза ұстауымыз керек. М ына жердің барлығын мусорды қалдырмай барлығын жинап, қонаққа келген адамдар мұндай мусор тастамау керек.»
Тазалық акциясы Түркістан облысы аумағында түрлі аумақтарға бөлініп жүзеге аспақ. Сондай-ақ қала ішінде түрлі бағдарламалар да ұйымдастырылады.