Түркістан
EN

Кентаудағы оқушы өлімі

85
19.09.2022

Мектеп жасындағы балалардың төбелесі қазамен аяқталды. Күні кеше ғана болған оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірген еді. Телеарнаның түсірілім тобы анықтағандай бір топ бала жабылып, 2 баланы аяусыз сабаған. 

Көз жасын тыя алмай әке марқұм баласын жер қойнауына кеше табыстапты.  Қазақстанның көк туын желбіретемін деген боздағымыздан айырылдық дейді ол.  Айтуынша ұлы бокстан бірталай жарыстарда топ жарған. Болашағынан үміт күттіретін спортшы болған екен. Ал, бөлмесінің бір бұрышы медальдар мен марапаттарға толы.  

Куәгерлердің айтуынша марқұм достарымен бір топ балаға темекі шекпеуін өтінген. Алайда, олар ескертуді елемек тұрмақ, күш қолданған. Енді біреулері оқиға басқаша өрбіді дейді. Нақтысын Мектеп оқушыларының барлығы дерлік біледі. Алайда ешқайсысының ағынан жарылып ақиқатты айтуыға батылы жетпеді.  

Десекте марқұмның достарының бірі түрін жасырып, сұхбат беруге келісті.  Ол, қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтып берді. 

МАРҚҰМНЫҢ ДОСЫ - Дәл осы жерде қайтыс болған... – Қалғанын кейін ұстады. 

Қазір жасөспірім оқыған мектеп басшылары толықтай дерлік тергеліп жатыр екен.

АНАР ӘЗИЗОВА  -  ҚАРНАҚ АУЫЛЫ АҚЫН ТОМА ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Біздің мектепке енді бірінші сентябрьде ауысып келді. 10 күн оқыған. Енді осы....

 Марқұмның отбасы тергеу барысына көңілі толмайды. Олар, баласын озбырлықпен өлтірген адамды өз көздерімен көргісі келеді. Алайда, тергеу құпиясына сүйенген полицейлер бейнебақылау камерасына анық түскен оқиға сәтін ешкімге бере алмаймыз дейді. бірақ, тергеу объективті жүргізілетінін айтты. Қазір, осы іске қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ГҮЛНӘР ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ -  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ - Оқиға орнына Түркістан облысы ПД, Кентау қаласынан тергеушілер, және прокуратура өкілдері барды. Күдікті ретінде көрші ауылдың жас жігіті ұсталды. Бұл оқиғаға қатысты басқа жасөспірімдерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. 

Әлі құпиялары көп бұл қайғылы оқиғаның тергелу барысын арнамыз бақылауда ұстайды.