Тірлігін дөңгелетемін деген жанға тұсау жоқ. Оған бірден бір дәлел төлебилік шаруа. Ол үй ауласына жасанды тоған жасап, шабақ өсірумен айналысуда. Бастапқыда 50 грамм кезінде тасталған шабақтардың көлемі бүгінде 500 граммнан асқан. Шағын кәсіп иесінің тыныс-тіршілігі туралы тілші тарқатсын.
Бүгінде Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласында кәсіп ашып, тірлігін дөңгелетіп отырған жандар жетерлік. Солардың бірі – Наурыз Мурадов. Ол үй жағдайында шабақ өсірумен айналысады. Небәрі 8 соттық жерден қазірдің өзінде балықтың сұранысқа ие 2 түрін өсіріп, табысын молайтуда.
НАУРЫЗ МУРАДОВ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Биыл балық шаруашылығымен айналысуды жөн көрдім. Сазан, карф, биыл бірінші жыл. Одан әрі дамытсам деген осым бар осы кәсіпті. Үйімнің ауласындағы жер бос жатты. Ойлана келе балық асырауды жөн көрдім. 10 мың дана шабақ тастадым. Тағы екі ай жем-шөп беріп асыраймын.
Төлеби ауданы таулы аймақта орналасқан. Сондықтан мұнда жер асты суының температурасы да жоғары болады. Ауа – райының салқын болуы балықтың тез ет жинауына кері әсерін тигізеді. Сондықтан шаруа алдағы уақытта су жануарының бақтақ түрін өсірмек ниетте. Ал шағын кәсіп иесіне жергілікті әкімдік тарапы да тиісті қолдау білдірмек.
ТӨЛЕГЕН ТЕЛҒАРАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Биыл ауа-райы аудан шаруалары үшін өте қолайлы болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл жалпы 7 айдың қортындысымен ауыл шар саласында өндірілген өнім көлемі 21,7 млрд теңгені құрап отыр. Оның 18,9 млрд теңгесі мал шаруашылығының үлесінде, 2,7 млрд теңгесі егін шаруашылығында. Қазір мінекей астық науқаны аяқталып жатыр. Биыл жалпы түсім жақсы. Бидай 21 центнерден түсім болды. Бидай арпадан 46 мың тоннаға жуық өнім алып, қамбаға құйылды. Қазір мақсарының орағы болып жатыр. Ол жерде де 8-9 центнерден өнім жиналуда. 10 мың тоннаға жуық өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз.
Жалпы аталған ауданда егістік көлемі 65 мың гектарды құрайды. Оның 22 мың гектарына астық, қалғанына майлы дақылдар егілген. Былтыр ауданда қуаншылыққа қарамастан 180 мың тонна мал азығы жиналған. Ал осы жылы оның көлемі едәуір ұлғаюда.