Түркістан
EN

Түркістан облысында сапалы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда

132
16.09.2022

Түркістан облысындағы жолдардың 92 пайызын жыл аяғына дейін жақсарту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жасаған сапарында айтты. Облысты дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітілген соң, автокөлік жолдарының құрылысы қарқын алды. Талай жылдан бері жөндеу көрмеген тас жолдарға қатысты шағымдар көбейген еді. Солардың бірі - Түркістан Шәуілдір тас жолы. Енді осы асфальттің  70 шақырымы қайта салынбақ. Айта кетейік 2025 жылға дейін облыс аумағындағы жолдардың 99,5 пайызының сапасын жақсарту көзделген. Бұл үшін облыс басшысы сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сай жүруі тиіс екенін әкім қадам айтты. Жалпы өңір аумағындағы тас жолдардың жалпы ұзындығы 17509 шақырым.