Түркістан
EN

Шымкентте адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

84
16.09.2022

Шымкентте адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында олар қылмыстық әрекеттері Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жүзеге асырылғаны анықталды. Топтағы рөлдер нақты бөлінген. Оның ұйымдастырушылары үш апалы-сіңлілі болып шықты. Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде алтауы кәмелетке толмағаны белгілі болды. Қылмыстық топ қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Сүйтіп әбден сеніміне кірген соң жәбірленушілерді синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Ал қыздардың туған-туыстарын тыныштандыру үшін ата-аналарына бала күтуші болып жұмыс істейтіндерін айтқан. Қазір ұсталған 11 адам тергеу изоляторына қамалды.