Шымкентте атышулы іске нүкте қойылды. Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына Мұқтар Бұқарбай жеті жылға сотталды. Ол өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін күдікті деп танылған болатын. Еске сала кетсек, қаңтар айында Бұхарбаевтың қарамағындағы қызметкері бастығын айыптап, желіге видео үндеу жариялаған болатын. Ол ішкі істер министрлігіне шағым жазып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді. Ал ақпан айында Бұхарбаев қызметінен шеттетілді.
Полиция полковнигінің есімі өткен жылдың желтоқсан айында қызу талқыланды. Желіде шенді полицейдің қызметкері екеуінің whatsapp-тағы жазбасы тарады. Онда ол қол астындағы адамнан қымбат сыйлықтар мен ақша сұрағаны туралы жазылған. Осыдан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері Мұхтар Бұхарбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Ол қылмыстық кодекстің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша өз қызметтін асыра пайдаланды деп, алаяқтық жасау фактісі бойынша тергелді. Енді міне бес айдан соң оның жасаған қылмысы дәлелденіп, сот 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Айта кетейік, сотталушының қылмысы жәбірленушінің тікелей әшкереленуімен дәлелденді. 2019 жылдың қазан айы мен 2021 жылдың қыркүйек айында ол арызданушыға 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Сот үкімімен Мұқтар Бұқарбай қылмыстық кодекстің 362 баптың 4 бөлігі бойынша белгілі бір лауазымды қызметтерді атқарудан өмір бойы айырылды. Сондай-ақ оны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген болатын. Алайда судья қылмыскердің жас балалары бар екендігін ескерген.