Түркістан
EN

Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды

217
16.09.2022

Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды. Қанды оқиға Қарнақ ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, осы Қарнақ және Шекербұлақ ауылдарының оқушылары өзара сөзге келіспей, жанжал туындааты. Оның соңы төбелеске ұласып, кәмілетке толмаған жасөспірім екінші баланы пышақтап тастаған. Марқұмның оныншы сынып оқушысы екені анықталып отыр. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Осылайша полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталған.