Түркістан
EN

Міндетті вакцинация Конституцияға қарсы келмей ме?

94
09.07.2021

Вакцина салуға міндеттеу қаншалықты дұрыс? Әділет министрлігі коронавирусқа қарсы екпе салудың құқықтық негіздерін жіктеп, ел Конституциясына қайшы еместігін айтты. Ведомство дерегінше, Денсаулық кодексінің 85-бабына сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпе алуы қажет. Бұл санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі екені жазылған.  Оның қатарына 2020 жылдың 24 қыркүйегіндегі билік қаулысына сәйкес коронавирусқа қарсы екпе де енгізілген. Осылайша, Конституциялық нормаға сәйкес мемлекет адам өмірі мен денсаулығын қорғауды мақсат етеді. Осыған орай енді медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар вакцина алуы міндеттеледі.