Түркістан
EN

Түркістанда жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды

133
15.09.2022

Түркістан қаласында жол-көлік апаты болды. Тәуке хан даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан велосипедшіні «Ауди» маркалы көлік қағып кеткен. Сосын көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіпті. Облыстық полиция басқармасының жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазіргі таңда айыпталушының көлігі айып тұрағына қойылып оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды.