Түркістан
EN

Студенттерге Бейсен Құранбек атындағы стипендия берілді

149
15.09.2022

Дәстүрге сай Қазақ телевизиясының тарланы, журналист Бейсен Құранбек атындағы степендия иегерлері анықталды.  Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ түрік университетенде оны үздіктерге табыстау рәсімі өтті. Бұл жолы  да 3 білім алушы бір реттік шәкіртақыға ие болды.   

Қаржылау қолдау көрген студенттердің бірі Әсел Медеу. Ол университеттің бірінші курсында оқиды. Жас журналис қоғамдағы өзекті деген тақырыптарды қаузағанды ұнатады. Алғашқы курс студентті бұл жетістікке жету үлкен мәртебе дейді. 

Әселмен қатар осы журналистика факультетіндегі Шайра Жураханова мен Құмаргүл Досанханда  белгілі журналист атындағы шәкіртақы ие болды.  Жеңімпаздар студенттер арасында өткен «әуесқой репортер» байқауында топ жарғандар. Оған кәсіпкер Инара Намазбаева демеушілік жасады. Жиында әріптес достары қазақ журналистикасына үлес қосқан марқұм Бейсен Құранбектің еңбегін кейінгі жастарға үлгі етті. 

Осымен  екінші мәрте өткен шара алдағы уақытта жалғасын таппақ. Түркістан медиа холдингінің бас директоры Жанахмет Ағыбаев келесі жолғы студенттерді қаржылай қолдау телеарна тарапынан берілетінін айтты. Сондай-ақ, үздік студенттерді арнаға жұмысқа шақырылып, тәжірибе жинақтауға шақырылмақ.