Түркістан
EN

Елімізге мемлекеттік сапармен ҚХР төрағасы келді

76
15.09.2022

Қытай Халық Республикасының бас хатшысы Си Цзиньпин Елордаға ресми жұмыс сапарымен келді. Ең қызығы, бұл Қытай басшысының коронавирус пандемиясы басталғалы бері алғаш шетелге шығуы. Қос мемлекет басшысы бірден кеңейтілген екіжақты келіссөз жүргізді. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, сауда-саттық, логистика секілді салаларға ерекше мән берілді. Былтыр пандемия өршіп тұрғанына қарамастан Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 25 млрд долларға дейін жетіпті.

Әлемдік геосаяси ахуал проблемаға толы болған сәтте Қытай басшысының алғаш сапарын не себепті дәл Қазақстанға жасағаны сарапшыларды толғандырған сұраққа айналды. Оның ішінде Қытай да бірнеше жанжал ішінде қалғаны белгілі. Осы орайда, бұл екі мемлекет басшысының Украинадағы Ресей агрессиясына талқылап, халықаралық аренада ойларын бірдей жеткізу мақсатында жасалған сапар деген де пікірлер айтылуда. Си Цзиньпин болса, елімізде жасалып жатқан саяси реформаларға қолдау білдіретінін атап өтті.

СИ ЦЗИНЬПИН  -  ҚХР БАС ХАТШЫСЫ - АУДАРМА: Қазақстан халқы сіздің басшылығыңызбен мемлекеттік құрылыс пен ұлттық жаңғыру ісінде жаңа табыстарға жететіні күмәнсіз. Қытай үкіметі Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарға зор көңіл бөлетінін тағы да қайталап айтқым келеді. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз алдағы уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын сақтауына қолдау көрсетеміз. Тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету жөніндегі Сіз жүргізіп жатқан реформаларды толық қолдай отырып, сіздің еліңіздің ішкі істеріне қандай да бір күштердің араласуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Қытай Қазақстанның сенімді досы әрі серіктесі және солай болып қала береді.