Атырауда “ГАЗель” көлігі мектеп оқушысын қағып кетті. Әлеуметтік желіде жарияланған мына бейнежазбадан көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатып, баланы ұшырып түскенін байқауға болады. Алайда оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткенше жасөспірім орнынан тұрып, өзі туралы ешқандай ақпарат айтпастан, үйіне кетіп қалған. Тіпті ауруханаға да бармаған. Қазір тәртіп сақшылары жәбірленуші туралы мәліметтерді анықтау үстінде. Атырау облыстық полиция департаментінің берген мәліметіне сәйкес, оқиға болған орын сызылып, көлік айып тұрағына қойылған.