Жаңадан салынған аялдамаларымыз жарамсыз. Түркістан облысындағы Леңгір қаласының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Айтуларынша қыруар қаражат бөлініп салынған аялдамалар мүлдем сапасыз салынған. Сондай-ақ жан жағы жабылмағандықтан автобус күткен жолаушы жаңбыр суының астында қалады. Толығырақ тілші бейнематериялында.
Мына аялдамалар 2020 жылы қаланы абаттандыру кезінде салынған. Алайда сапасы сын көтермейді дейді қала тұрғындары. Себебі жан жағы ашық. Автобус күтемін дейтін болсаңыз азынаған желмен жаңбырдың астында қаласыз. Бір сөзбен айтқанда жолаушылар үшін мүлдем қолайсыз көрінеді.
СӘУЛЕ ӘБДІКЕРІМҚЫЗЫ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ – АУДАРМА: Мына аялдама мүлдем сапасыз. Жаңбыр жауса, малмандай су боламыз. Жолаулышыларға мүлдем ыңғайлы етіп жасалмаған.
ҰЛБОСЫН БАРЛЫБАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Ал Төлеби аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болса қала тұрғындарының бұл пікірімен келіспейді. Салынған аялдамалардың барлығы заман талабына сай деп ақталды.
Жауапты сала мамандарынан аялдамалардың кепілдік мерзімінде сұрадық. Алайда олар бұл сауалға нақты жауап бере алмады. Тіпті қалада қанша аялдама бар екендігінде білмейтін болып шықты. Егер тұрғындардың жан айқайы жергілікті билікті алаңдатпаса, халық сапасыз аялдамада автобус күтіп тұруға мәжбүр.