Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға ұсынған. Қазіргі кезде қылмыстық топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу шаралары басталды. Кінәлілер тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ мал-мүлкі тәркіленбек.
ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК- ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ ерлі-зайыптыны іздеген. Сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәлігін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша "Кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды".