Бокс, ауыр атлетика мен бессайыс 2028-і жылғы жазғы олимпиада бағдарламасына кірмеуі мүмкін. Бұл жайында Халықаралық Олимпиада Комитеті өз сайтында жаоиялаған жазғы ойындардың тізімінен аңғаруға болады. Оған тек 28 спорт түрі кірген. Халықаралық Олимпиада Комитеті өзінің мәлімдемесінде бокс бағдарламасындағы коррупция мәселесі шешілмегенін алға тартуда. Оның үстіне, әуесқой спорт федерациясы ресейлік олигарх Умар Кремлевтің және оның демеушілері Газпромның қарауында болғаны үлкен мәселе екенін айтқан. Ал, ауыр атлетикаға допинг бақылауының әлі де селқос жүргізілуіне шүйлікті.