Түркістан
EN

Сыбаға бағдарламасы арқылы сүт фермасы іске қосылды

98
09.07.2021

Мемлекет сүтті сиырларды көбейткендерге қаржылай қолдау білдіруде. Ол үшін «Сыбаға» бағдарламасы іске қосылған. Осы мүмкіндікті қалт жібермеген төлебилік шаруалар ірі қара мал санын өсіруді қолға алды. Жеңілдікті пайдаланғандардың бірі Тасарық ауылдық округі тұрғыны Ерболат Есенәлі қазір жеке кәсіпкерге айналды. Ол қолдаудан  ақша алып, 12 бас асыл тұқымды «Гольштейн» сиырын 12 млн теңгеге сатып алған. Ірі қаралардың әрқайсысынан 25 литрден, жалпы күніне 300 литр  сүт  өндіріп отыр. Шағын жанұялық сүт фермасының иесі дайын өнімді арнайы компанияға өткізіп келеді. Бүгінде жас кәсіпкер ауылдың 3 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, тиісті жалақысын тұрақты төлеп келеді.