Түркістанда алғаш рет «Тұран бала фест» байқауы өтті. Игі жиын «балалар жылы» аясында Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және «Түркістан» телеарнасының ұйымдастыруымен бастау алды. Өңірдегі ең талантты өрендердің басын қосқан байқау жөнінде әріптесім толығырақ айтып береді.
Тұран бала фест байқауында ерекше өнер көрсеткендердің бірі Ерасыл. Кішкентай өнерпаз Бәйдібек ауданынан келіпті. Ол бүгінгі бәйгеде әкесімен бірге акробатика өнерінің қыр-сырын көрсетті. Тынымсыз дайындығының арқасында олар оң баға алап, финалға өтті. Ал,қуанышын жасыра алмаған жас таланттың әкесі қазылар алқасын келесі жолы қандай өнерімен таң қалдыратынын айтты
«Тұран бала фест» жобасына 6 мен 16 жас аралығындағы кіл мықтылар жиналған. Түркістанның төрінде бас қосқан 100-ден аса оқушы өңірдің түкпір-түкпірінен келіпті. 8 жанр бойынша бақ сынасқан олар ән айтып,би билеп, бірі домбыра шертсе,ендігісі гір тасын көтеріп көпті таң қалдырды.Тіпті, арасында сиқыршы қыздар да бар екен.
Ал,балалар бәйгесіне қазылық етуге өз саласының майталмандары жиналған. Рухани астананың аспанын әуелеген ән мен күйге толтырған әр бала жеңімпаз болуға лайықты-ақ. Дегенмен,жеңіс бар жерде,жеңіліс қатар жүретіні заңдылық дейді,-қазылар. Осылайша,сайысқа түскен үміткерлер арасынын 10 қатысушы финалға жолдама алды.
Енді өнерпаздарды алда финал күтіп тұр. онда Жүзден жүйрік болған 3 жеңімпаз таңдалып, арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталмақ. Ал, Жобаның алғашқы шығарылымын қазан айынан бастап «Turkistan» телеарнасынан көре аласыздар.