Түркістан
EN

Отырар ауданында 15 келіден астам есірткі табылды

186
13.09.2022

Түркістан облысы отырар ауданында 15 келіден астам есірткі табылды. Полицейлер тінту кезінде 850 түп өсіп тұрған, 20 түп шабылған өсімдік және 5 пластмасс ыдыстағы марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі. Яғни, жедел уәкілдер есіркі алқабын әуежолы арқылы ұшу кезінде анықтаған.Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Ол зерттеу қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 15 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қызылорда облысының екі тұрғынын анықтады.олардың біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып,аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.