Елімізде алдағы күндері қар жауып, Оңтүстікте 3 градусқа дейін үсік жүреді. Бұл туралы қазгидромед мамандары хабарлады.Сонымен қатар синоптиктер Шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін екенін айтады.
АЛИНА ИСМАҒҰЛОВА - «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ - 14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.