Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іс-шараларының арқасында 3 адам ұсталды. Олар бұл уақытқа дейін Петропавл қаласында іздеуде болған. Күдіктілерді ұстау кезінде WALTHER және OCA маркалы травматикалық тапаншалар тәркіленді. Күдіктілер заң бұзушылықтың 287 бабы бойынша айыпталуда. Егерде олардың ң кінәсі дәлелденсе 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.