Түркістан
EN

Сарыағаштың өнертапқыш қоқыс жинайтын робот ойлап тапты

301
12.09.2022

Сіз де бала кезде бір мезетте үй тазаланса деп армандадыңыз ба? Тіпті бұндай қиялға әлі күнге дейін  ересектер де ерік береді. Бүгінде сол қоқыс жинайтын роботты Түркістан облысы Келес ауданының оқушылары құрастырыпты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Ұлмекен мен Нұрсила Келес ауданындағы  №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназияның 9-сынып оқушылары. Небәрі 15 жастағы жасөспірім қыздар күнделікті тұрмысқа арналған роботты осыдан 2 жыл бұрын құрастыруға кіріскен. Ондағы мақсаты роботтар үйде де кез-келген жұмыс орнында да қоқыс жинап қана қоймай, сонымен қоса ол адамдардың уақыт үнемдеуіне де ықпал етер еді дейді жас өнертапқыштар.

Қыздардың бұл іске қызығушылығы «робототехника» сабағынан басталыпты. Қос оқушы робот құрастыру идеясын да алғаш осы пәннің ұстазымен бөліскен. Шәкірттерінің ерекше ынтасын байқаған Аягөз Жорақызы болар баланың бетін қақпай, белін буып бағыт-бағдарЫМДЫ аямадым дейді .Есесіне, қыздар да ұстазының үмітін ақтап, бүгінде түрлі ғылыми жобалар мен сайыстарда жүлде алып үлгерген.

АЯГӨЗ ЖОРАҚЫЗЫ - №2 Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ГИМНАЗИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ - Өздері маған ұсыныс білдіріп бірігіп жасадық. Қазір Аудан көлемінде де оқушылар қатысып, жүлделі орындар алып келіп жатыр.

Болашағынан зор үміт күттірер жас зерттеушілердің ендігі арманы компьютерлік ІТ технологиялар мен программист мамандығын меңгеру. Айта кету керек, Түркістан облысында робототехника сабағы 2017 жылдан бері қосымша пән ретінде қосылған. Содан бері Келес ауданында робот құрастыру сыныбы 7 мектепте оқытылады.