Түркістан
EN

Мүгедектігі бар келіншек тігін тігіп, табыс тауып отыр

86
12.09.2022

Кәсіптен нәсіп тапқан  тігінші. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында Гүлгүл есімді келіншек тұрады. Жалғызбасты келіншек «мүмкіндігім шектеулі» деп қарап отырған жоқ. Ол тігіс тігіп, тапсырыс қабылдайды. Мемлекеттік грант ұтып алып, оған үлкен тігін машинасын сатып алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Биылғы жылға ауданда  50 адам грант алуға  құжат  тапсырған. Жыл басынан бері он адам осы игі істің шарапатын көріп отыр. ал, жыл соңына дейін тағы  15 адамға бөлінетін болады.

Гүлгүл бір жылдан бері осы жерде отырып тапсырыс қабылдап, тігіс тігеді. Оған бұл бөлмені осы сауда үйінің иесі тегін беріпті. 

ГҮЛГҮЛ ТАШПЕНОВА - ТІГІНШІ - Құжаттарымды тапсырдым. Биыл құдай қаласа алатын шығармын. Соны алып, көркейтіп, әрекет жасасам деген ойым бар. Егер грантты алып жатсам, үлкен тігін машинасын алғым келеді. Жақсы оверлок алғым келеді. Киім жөндеген кезде оверлок ең керегі сол болады. Маталарым бар, мақталарым бар, құраққа керек заттарды алсам. 

Мына көздің жауын алатын жастық қап мен құрақ көрпенің тысы -  Гүлгүлдің қолынан шыққан. Қазір ол қыз жасауын тігіп жатыр. Бірақ қажетті оюларды базардан сатып алатынын айтады. «Егер ою салатын құрылғым болса осының бәрін өзім жасар едім» дейді.

ГҮЛГҮЛ ТАШПЕНОВА - ТІГІНШІ - Мына оюларды базардан сатып аламын. Келгеннен кейін өзім матаға жапсырып, бәрін тігіп шығамын. Содан кейін мынадай көздер тігемін. Сосын біріктірсеңіз мынадай әдемі жастық қап шығады. Егер өзімде сол оюдың аппараты болса қалаға барып, ою сатып алмай өзім ойып, осындай керемет дүниелер шығаратын едім. Инстаграм парақшама салып тұрамын. Тапсырыс қабылдап, жасаймын. 

Гүлгүл 7 жасар қызын қасынан бірелі тастамайды. Кішкентай болғанымен ол да қайшы ұстап, тігін тігуді үйреніп жүр. Ал осы  сауда үйіндегі қыз-келіншектердің барлығы Гүлгүлге дән риза. Себебі оның еңбекқорлығы мен іскерлігі барлығына үлгі. 

ҚАРЛЫҒАШ МАМЫТОВА - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Қолынан барлығы келеді. Киім тігіуді де, құрақ көрпеше, жастық тыс, шалбар, көйлек қысқарту  барлығын істеп жатыр. Гүлгүлге өте ризамыз. Мүмкіндігі шектеулі деп ойлаған емеспіз. Әлде де болса грантты бірінші кезекте осындай азаматшалар алса нұр-үстіне нұр болар еді. 

БЕРІК ТҰРЛЫБЕКОВ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Мал шаруашылығын дамытамын, тігін цехын ашамын немесе тағы басқа кәсіпкерлікті ары қарай кеңінен елге насихаттаймын деген бағытта болатын болса, ол ары қарай жалғасын таба беретін болады. 

Жалпы Биыл Түркістан облысында өз жобасын ұсынып, кәсіпкерлікті дамытамын деген 3 мыңға жуық азаматқа қайтарымсыз гарнт беріледі деп жоспарлануда. Олардың арасында нанын өз еңбегімен адал тауып, ешкімге қол жаймай отбасын асырап отырған мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.