Түркістан
EN

Солтүстікке көшіп келген қандастар

80
12.09.2022

Солтүстікті қазақыландыруға шетте жүрген қандастарда өз үлестерін қосуда. Мәселен, Қытай жерінен Айыртау ауданына қоныс аударған Есдаулетовтер әулеті атажұртқа тез сіңісіп кетіпті. Теріскейдің жаңа тұрғындарын мемлекет баспанамен де, жұмыспен де қамтыған. Олардың қазіргі жағдайы қалай екенін түстіктен келген тілшіміз тарқатады.

Ықылас Есдаулетов Айыртауда алдыңғы қатарлы механик. Қытай жерінде туған өнерлі жігітті ауылдастары да қатты құрметтейді. Ол, СҚО-на 1-жыл бұрын отбасымен қоныс аударған. Келген бойы мемлекеттен қайтарымсыз гранд алып, өз кәсібін бастап кетіпті. Ол өзінің түстікке келгеніне ешқашан өкінбейтінін айтады.

Есдаулетовтер отбасы мекендейтін Айыртау ауданының Имантау ауылы елдегі курорттық зоналар қатарына кіреді. Табиғаты тамаша аймаққа қызығушылық танытатындар көп екен. Бірақ, көшіп келгісі келетіндер өңірдің қытымыр қысынан қорқады. Иә, расында 40 градустық аязға көп адамның төзе алмайтыны белгілі. Алайда, Алатаудың етегінде туған жандарға бұл суық үйреншікті климат. Есдаулетовтер де Айыртаудың қысында қиналмағандықтарын айтады. Себебі, баспанасы бүтін, отын-суы дайын. Айтпақшы, мемлекет тегін беретін баспанадан бұл отбасы бас тартқан. Оның орнына, үйді де өздері тұрғызған.  

ЕСДАУЛЕТ РЫСБЕКОВ – ҮЙДІҢ ҮЛКЕНІ  - Енді мал алып, мал өсірсек дейміз. Қазақтың малсыз күні жоққой...

Солтүсүстіктің қай аймағында болмасын кәсіп жасау қолайлы. Себебі, бәсекелестік аз. Есдаулетовтер де бір емес, бірнеше істі ұршықша иіруде екен.

АЛТЫНАЙ ЕСДАУЛЕТОВА-ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Кәсіпті кеңейтпекпіз. Анау тұрған жерден ғимарат салып, жақында соған көшеміз деген ниет бар...

Биылға жылдың өзінде Айыртауға 20-дан аса отбасы қоныс аударып келіпті. Көшіп келгендердің көбісі мемлекет беретін қайтарымсыз гранд алып, кәсіптерін дөңгелетуде.

ТҰРҒЫНБЕК ТОҚТАРБЕКҰЛЫ – АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ  - Ауданымыздың табиғаты ерекше. Киелі жер. Келем деушілерге дәл қазір он үй бос тұр...

Берекесі мен мерекесі тасыған СҚО-да өмір сүру едәуір оңай. Таза ауамен тыныстағандықтан болар, таңнан кешке дейін жұмыс істесеңіз де шаршағаныңызды байқамайсыз. Бүгінгі кейіпкерлерімізде өздерінің мамыражай ғұмыр кешіп жатқандығын алға тартып, еліміздің оңтүстігіндегі ағайынды қоныс аударуға шақыруда.