9-қыркүйек кәсіпкерлер күніне орай Түркістан қаласында белгілі кәсіпкерлермен бизнес тренинг өткізілді. Бұл шара Атамекен кәсіпкерлер палатасымен Жастар Ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Тedx форматында өткен жиында кәсіпкерлер мотивациялық ойлар мен тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, қызықты ойындар да ойналды. Толығырақ әріптесім баяндасын.
Кәсіпкер Диас Берікбайдың бизнес саласында жүргеніне 4 жыл. Жас кәсіпкер туристік бағыттағы «Humble Fox» агентігінің негізін қалаушы. Қазіргі дейін мыңнан астам қазақстандықтардың әлемнің кез келген елінде еркін саяхаттауы үшін жағдай жасауда. Бүгінгі кездесуге ол туризм саласындағы тәжірибесін жастармен бөліспек.
Кездесу барысында спикерлер тек қана өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай қызықты ойындарда ұйымдастырды. Амфитеатр аумағында ерекше атмосфера орнады. Қатысушы жастар спикерлердің сөздерінен өздеріне мотивация алды.
Ал ұйымдастырушылар болса мұндай шараның алдағы уақытта көптеп өткізілетінін атап өтті. Осылайша жастардың кәсіпкерлік саласындағы білімін арттырып шағын кәсіпкерлікті дамыту негізгі мақсат дейді мамандар.
АСЛАН ИБАДУЛЛАЕВ - «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ - Екі жылға созылған пандемия басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күнін – 9 қыркүйекке бекіту ұсынылған болатын. Айта кетсем, елімізде 1,6 миллионнан аса шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатыр.