Түркістан
EN

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

104
09.07.2021

Отандық кинематографтың кемеңгері Сатыбалды Нарымбетов 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұған дейін режиссердің ауыр сырқаттанып, ауруханада жатқаны туралы хабар тараған еді. Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы Түркістан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Ол  "Созақтан шыққан Гамлет", "Қыз жылаған", "Мұстафа Шоқай", "Аманат" фильмдерінің авторы. Режиссердің "Жас аккордеоншының өмірбаяны" туындысы қазақ киносының алтын қорына еніп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мен көптеген халықаралық фестивальде жүлде алды. Одан бөлек, Сатыбалды Нарымбетов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жорж Садуль атындағы сыйлықтың және тәуелсіз "Тарлан" жүлдесінің иегері атанған. Түркістан телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.