Түркістан облысы, Төлеби ауданында ауыл мектебінің оқушылары апта бойы мектепке бара алмай қалған. 134 баланы көрші ауылдағы білім ұясына жеткізетін автобус болмапты. Білім беру онлайн форматқа көшкен. Алайда ата-аналар ауылда интернеттің жоқтығынан, сабақ өтілген жоқ дейді. Ал, Қостөбеде салынғанына он жылдан енді асқан мектеп апатты деп танылып, бала оқытуға қауіпті деп табылған.
Қабырғалары сөгіліп, құлауға шақ тұрған мектепте бала оқытуды мамандар қауіпті деп тапқан. Апатты деп тану қортындысы маусымда шыққан соң 134 бала көрші ауылда оқитын болып шешілген. Алайда, бірінші қыркүйектен бері балалар ол жаққа жете алмаған. Себебі автобус жоқ. Мектеп басшысы еңбек демалысында болдым дейід.
ДАНИЯР АЙТБАЕВ - МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ - тәк 28-ші тамыз күні менің отпускім бітті. Одан бері қарай 30-31 демалыс күндеріне түскендіктен, 31-нен бастап жасалынып жатқан әрекетіміз осы. Тасымалды аудандық білім бөлімі ұйымдастырып беруі керек болатын.
Балаларды оқыту онлайн жүйеге көшірілген. Ауыл тұрғындары оны көзбояушылық деп отыр. Себебі интернет желісі таулы жерде ұстамай қалады екен.
САТҚЫНБАЙ ПИАЛИЕВ - ҚОСТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - интернет істемейді. Ол 200 метрден төңірегіне ғана істейді, ары қарай жоқ мұнда. Құры әшейін көзбояушылық болып кетті бұл бар тірлік. Жеті күннен бері оқу басталған жоқ.
Халық мектепке келіп шулай берген соң, аудандық білім бөлімі бүгіннен бастап автобус жіберді. Оның өзі 130 баланы тасымалдау үшін бес мәрте қатынауға мәжбүр. Жұрт ауылдан шыға берістегі көпірден өту қауіпті дейді. Жаңа көпірдің құрылысы жеті жылдан бері аяқсыз қалған. Ал, ескісі жүруге жарамсыз, әрі автобусқа арналмаған.
КЕРІМХАН БӨБЕЕВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - Ертең ата-аналардың барлығы каналдың жағасында отырамыз ба каналдан тасимыз деп. Ол үшін автобус жете алмайлы бұл жерге. Боранда движение болмай қалады бұл жерде. Апталап жол болмайтын уақыттар болады бізде.
БЕСКЕМПІР ИМАНАЛИЕВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - 12 немерем оқиды 1 мен 11-дің арасында. Қар жауғанша жібереміз шындығында да. Қар жауған күні жібермеймін мен өз басым.
Ауданның білімге жауапты басшылары болса автобустың бір аптаға кешіккенін облыстық басқарманың кінәсі деп отыр.
АРДАҚ МӘДІХАНҚЫЗЫ - ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ - Бірінен тиісті автобус облыстан келмей қалды. Лизингке келетін екі автобусты біз арнайы сұратып қойғанбыз. Енді мына мектептің мәселесі шешілгенше, тиісті құжаттары рәсімделіп, ақшасы қаралып, жаңа мектеп салынғанша, біз де амалдаймыз осылай.
Жаңа мектептің қашан салынатынын бөлім басшысы нақты айта алмады. Апатты мектепті салған мердігер қылмыстық жазадан құтылып кеткен. Сондықтан Қостөбеліктер жуық арада мектеп салынатынына сенбейді.