Түркістан
EN

Арыста қарасора алқабы жойылды

214
09.09.2022

Жазық далада есірткі еккен тұрғын ұсталды. Құқықбұзушыны Арыс қаласының полицейлері құрықтады. Байырқұм ауылы маңындағы алқаптан 146 түп есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттай айғақтар «сора» өсімдігі болған. Қазіргі таңда күдікті ер адам қылмысын мойындады. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған жайт, «Қарасора-2022» жедел профилактикасы іс-шарасы барасында мәлім болды. Онда погондылар мен Ұлттық Ұланның арнайы жасағы тікұшақ арқылы алқаптарды  бақылап, тексеру жұмыстарын жүргізеді. 

Аталған жайт ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сот сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған өсімдіктер 146 түп сора өсімдігі екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Тергеп тексеру жұмыстары Арыс аудандық полиция бөлімімен жүргізілуде.