Түркістан
EN

Абай облысында дала өртін сөндіру барысында құтқарушы қаза тапты

94
09.09.2022

Абай облысында өрт сөндіруші қызметтік борышын орындау барысында қаза тапты. Оқыс оқиға 7 қыркүйек күні Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде болған. Өрт сөндіру қызметіне құрғақ шөптің жанып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді. Қызыл жалынды сөндіру барысында олардың үшеуінің денесін түрлі дәрежедегі күйік шалған. Салдарынан сөндіру бекетінің жүргізуші қызметкері 36 жастағы Айдос Тоғызбаев алған жарақатына ауруханада көз жұмды. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін марқұм ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылып отыр.