Түркістан
EN

Түркістан қаласының әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады

90
09.09.2022

Түркістандағы Жаңа қала ескі қалаға айналып барады. Бүгін Отырар мөлтек ауданында тұрғындары шаһар басшысымен кездесуде осылай деп шағымданды.  Өйткені, аумақта шешімін күткен мәселелер көп. Қала басшысы мәселесін айтып келген белсенділерді жұмысқа да шақырды. 

Гүлжауһар Жұбаева Отырар мөлтек ауданында тұрады. Пәтері 7 қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан. Оның айтуынша, тұрғын үйдегі жедел саты 6 айдан бері жұмыс істемей тұр. Сондықтан күніге бірнеше рет баспалдақпен түсіп - шығуға мәжбүр.   

Бұл пәтерлердің берілгеніне әлі жыл толған жоқ.  Бірақ қордаланған мәселелерде шаш етектен деп налиды тұрғындар. Мәселен, қоқыс тазалаушылардың жұмысына көңілдері толмайды.  

Әкімнің кездесуі өтеді деген соң бір топ тұрғындар арнайы келді. Сөйтіп, мәселелерін айтып қалуға тырысты.  

Тұрашбековтің бұл жолғы кездесуінде Отырар мөлтек ауданына қарасты тұрғындар келді. Олар жарықтың жиі сөнетінін айтып шағымданды. Содан теледидар, мұздатқыштары күйіп кетіпті. Ал, Саттарханов спорт кешені құрылысы баяу жүріп жатқанын тілге тиек етті. Қоғамдық көліктердің бағытын ұзартуды сұрады. Арасында қала намысын қорғап жүрген спортшыларға қолдау аз екенін айтқандарда табылды. 

Сондай-ақ, көп қабатты үйді мұқтаждар емес, жағдайы жақсылар алып алғанын айтады. Әкім көп мәселенің нақты қашан шешімін табатынын айта алмады. Бөлім басшыларына айтып, бақылауға аламыз деумен болды. Бірақ, қарапайым халық оған сеніммен қарайды".

Тіпті, әкім бірнеше мәселені айтқан белсендіні жұмысқа шақырды. Көпшіліктің арасында шаһар басшысының қызметіне алғыс айтқандарда болды.