Түркістан
EN

Сәжде үстінде жасалған ұрлық

95
09.09.2022

Сәждеде жасалған қылмыс. Бұрын соңды мұндайды  естіген ба едіңіз?  Алматыдағы мешіттердің бірінде жасалған ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті намаз оқу кезінде сәждеге жығылған азаматтың ұялы сымтетігін қолды қылған. Қазіргі таңда  42 жастағы тұрақты жері жоқ азамат ұсталды. Погондылар айыпталушыны құрықтаған кезде ұрланған айфон маркалы смартфон  өзімен бірге болған. Аталған оқиғаға қатысты ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.