Президент жолдауында айтылған тағы бір мәселе мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау. Олар тең қоғамда өмір сүруі тиіс. Осыған байланысты Түркістан облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің өкілдері жыл басынан бері 135 нысанға тексеру жүргізген. Нәтижесінде құқықбұзушылыққа барғандарға 116 нұсқама берілген. Мүгедектігі бар жандар еркін кіріп шыға алмайтын мекемелердің 79 лауазымды тұлғасына 6 млн теңге айыппұл салыныпты. Оның қазір басым бөлігі өндірілген. Алайда, мемлекеттік, жеке меншік ғимараттар тұрмақ, кейбір әлеуметтік әлсіз топтар өз үйіне өзге біреу қолғабыс етпесе кіріп шыға алмайтын жағдайда.
РУСЛАН ТҰҢҒЫШБАЕВ – ҚР ЕХӘҚ МИНИСТРЛІГІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ - Жағымды жаңалық та жоқ емес. Енді мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақы алуға құжат туралауы үшін талай табалдырықты тоздыруының қажеті жоқ. Өйткені бұл қызмет түрі сандық жүйеге ауысады. Енді ұялы телефонның бір батырмасын басып-ақ өзіңізге мемлекеттен берілетін көмекті рәсімдей аласыз. Отбасының цифрлық картасының тағы бір игілігі жәрдемақы тағайындалатын мерзімді сізге ескертіп отырады. Естеріңізге сала кетейік бұл жоба 2023 жылдан бастап іске қосылады.