Еліміздің солтүстік өңірлерінде мұғалім жетіспеушілігі байқалады. Әсіресе математика, орыс және шет тілдері, информатика мен физика пәндерінен білім беретін мамандар тапшы. Дәл қазір облыстағы білім ұяларында 600-ге жуық бос жұмыс орындары бар.
Ұстаз – ұлт бейнесі. 25-жыл білім беру саласында жұмыс істеп жүрген Нұржамал Өмірбекова «мұғалім болу бақыт» - дейді. Ол, осы күнге дейін Арыс қаласында қызмет атқарған. Бірақ, солтүстікте ұстаз тапшылығын естіп тыныш отыра алмапты. Сондықтан, отбасымен бірге Павлодар облысына қоныс аударған.
НҰРЖАМАЛ ӨМІРБЕКОВА – БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ - Мұнда келген кезімде маған бірден мектептің директоры бол деген ұсыныс айтты...
Нұржамал жат жерге алғаш келгенде қиын болды дейді. Бірақ, мемлекет білікті маманды далада қалдырмапты. Жаңа көшіп келген жанұяға баспана беріп, үйдің әрбір мүшесін жұмыспен қамтыған. «Ең бастысы ол емес, бастысы мұнда мұғалім мәртебесі өте жоғары» - дейді ол.
НҰРЖАМАЛ ӨМІРБЕКОВА – БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ - Мектеп директоры, тех работниктерден төмен отырады. Барлығы қарапайым...
Мемлекет солтүстіктегі ұстаз тапшылығын жою үшін өзге өңірлерден маман тартуды жолға қойған. Әсіресе, оңтүстіктен келген ұстаздарға жасалатын жағдай жақсы екен. Қоныс аударушы отбасының әрбір мүшесіне көмек қаржы беріліп, жұмысқа жарамды жандар қол қусырып отырмайды.
ӘДІЛЕТ ЖӘНІБЕКҰЛЫ – ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - Көшіп келген жандарға бос үйлерді көрсетеміз. Қаласа қалады, қаламаса басқа да жерлерге апарып көрсетеміз...
Айтпақшы, егер сіз солтүстіктегі ұстаз тапшылығын жою үшін қоныс аударуға дайын болсаңыз, мемлекет сіздің жол қаражатыңызды төлейді. Одан бөлек отбасыңыздың әрбір мүшесіне берілетін қомақты қаржы бар. Қалаған баспанаңызды сатып немесе жалға алғыңыз келсе, оныңды шығынын үкімет көтереді.