Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау елді мекенге жақын қалды. Соңғы мәліметке қарағанда, өрт жалпы аумағы 1100 гектарға жайылған. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құрғақ шөп пен бұта өртенуде. Оны сөндіруге орманшылардан, жергілікті атқарушы органдардан және полицияның жеке құрамының 19 техника мен 118 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ауылдарды өрттен сақтап қалу үшін, Ұлттық Ұланның 401 сарбазы мен 41 техникасы көмекке келді. Тілсіз жауды ауыздықтауға жел кедергі келтіруде. Өйткені өңірде оның екпіні секундына 15 метрге дейін жеткен. Сол себепті мамандар халықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.