Түркістан
EN

Дархан Сатыбалды Созақ ауданының халқымен кездесті

248
08.09.2022

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесу Шолаққорғанның орталық саябағында, еркін форматта өтті. Жиынға ауданның кез-келген тұрғыны қатысып, облыс басшысына сауал қою мүмкіндігін алды.  Жаңа әкіммен жаңаша форматта кездескен жұрт көкейде жүрген сұрақтарын да іркіп қалған жоқ.  

Бұл облыс басшысының Созаққа жаңа лауазымдағы алғашқы сапары. Сондықтан әкім жұмысын Шолаққорғандағы  бірнеше нысанды аралап көрумен бастады.  Ал, аса маңызды әлеуметтік нысан - «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығын салтанатты түрде ашты. Бұл орталық  ерекше күтімді талап ететін жандарға жан-жақты көмек көрсетеді.

Мұнан кейін халықпен кездесуге кезек келді. Саябаққа халық көп жиналған екен.  Өңір басшысы жұртшылыққа атқарылған жұмыстар туралы айтып, жоспарланған жобалармен таныстырды. Мәселен, ауданға газ тарту, ауыз су инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары қарқынды. 

Жалпы халықпен кездесу барысында 22 мәселе көтерілген болатын. Оның 12-і шешімін тапты. Қалған 10-ы шешілу үстінде. Бірінші ол, Созақ ауданында магистральды АГТС газ құбырын салу мәселесі көтерілген болатын.

Жаңа әкімге тұрғындар сұрақтарын қарша боратты.  Алаңдататын мәселе жеткілікті. Мәселен, Түркістан – Шолаққорған тас жолы әлі аяқталған жоқ. 

Бірақ, өңір басшысы сауал қойған азаматты бірден қуантып, бұл тас жол келесі жылы пайдалануға берілетінін хабарлады. Одан бөлек, тұрғындар газ мәселесін көтерді. Ауданды көгілдір отынмен қамту жоспарына кіріп үлгермеген елді-мекендердің тұрғындары алаңдаушылығын білдірді. 

Дегенмен, облыс әкімі ешбір ауыл көгілдір отыннан шеттетілмейтінін айтты. Тұрғындардың басты уайымы алдағы уақыттарда шешіледі. Жоспарға кірмеген ауылдар үшін де дереу жобалық-сметалық құжат әзірленеді.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Қазір енді ендігі жылы қалған ақшасы қарастырылып отыр. Келесі жылдың соңына дейін толық беріледі. Ары қарай аудан әкіміне жұмыс жасау керек. Әр үйге абонирования жасап кіргізу керек. 01:25

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет бар жағдайды жасауға тырысуда. Соны пайдаланып, кез-келген адам бір істің соңына түсіп, дөңгелетуі керек. Сол кезде облыс халқының тұрмысы жақсара түспек деді әкім.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Жалпы, біздің облысымыздың бюджеті өздеріңіз білесіздер, 140 млрд-қа жуық өзіміздің табысымыз бар. Шығын жағын айтсақ, 1,1 трлннан асады. Біз мынау республикадан келетін қаржыға тәуелдіміз. 

Тұрғындармен кездесуде облыс әкімінің заманауи тілмен айтқанда халыққа басты месседжі – жылдар бойы шешілмей келген проблемалар бірінші кезекке қойылады. Көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, облыс басшысы тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.