Түркістан
EN

Кентаулық екі тұрғынның ерегісі кісі өлімімен аяқталды

173
07.09.2022

Түркістан облысында есіктен өтуге таласқан кентаулық екі тұрғынның ерегісі кісі өлімімен аяқталды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі ер адам дүкен есігінен кірер сәтте иық тіресіп, сол үшін сөзге келіп қалған. Кейін жәбірленуші оқиға орнынан шығып кетіп, бірер минуттардан соң аталған дүкенге қайта келіп, арадағы дауды шешпек болыпты. Ерегіс әрі қарай Кентау қаласына кіреберіс маңдағы құрылысы аяқталмаған нысан аумағында жалғасқан. Екеуі төбелесіп, соңында күдікті жәбірленушіні пышақтап, қылмыс орнынан қашып кеткен.