Түркістан
EN

Шымкентте құны 1,1 млрд теңгені құрайтын мазут заңсыз сатылған

155
07.09.2022

Шымкентте құны 1,1 млрд теңгені құрайтын мазут заңсыз сатылған. Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтағы департамент қызметкерлері құны 1,1 млрд теңге болатын шикізатты заңсыз өткізіп жатқан кәсіпкерлерді ұстаған. Олар құжаттары жоқ мазутты жергілікті компанияларға сатып отырған. Қазір тергеу аяқталды. Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.